Анатолий Александрович Рожнов Қазақ энциклопедиясы, 7 - том - Социалистік Еңбек Ері (1974), тау-кен маманы, геология-минералогия ғылымының докторы (1988), 7 ақпан 1931 жылы, Ресей Федерациясы, Пермь қаласында туған.
Еңбек жолдары 1953 жылы Солтүстік-Кавказ тау-кен-металлургия институтын бітірген. Еңбек жолын қатардағы геолог болып бастаған. Жәйрем геологиялық барлау экспедициясының бас геологы болды. 70-тен аса ғылыми еңбек жазған. Ғылыми еңбектері Қазақстанның маңызды кенді аудандары Атасу, Қаражал, Жәйрем, Жомарт, Үшқатын, Бестөбені зерттеу мен олардың кен байлықтарын барлауға арналды; кен орындарындағы қорғасын-мырыш және марганец кентастарының қорын есептеп шығару, кен өндіру жұмыстарын жолға қоюда үлкен еңбек сіңірді; темір-марганецті Атасу кен орнын барит-қорғасын-мырыш кентастарының ірі орталығына айналдыруда кең көлемді ғылыми жұмыс жүргізді. 1979 жылы Жәйрем, Үшқатын, Арап кен орындарының шикізат базасын кеңейтіп, оларды алғаш ашқан адам деген атаққа ие болды.
Наградалары КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1977) Еңбек Қызыл Ту (1971) Ленин (1974) ордендері Социалистік Еңбек Ері (1974) Медальдар
Дереккөздер
Дереккөздер Геология и металлогения Успенской тектонической зоны, 6 т., А.-А., 1967 — 68 (соавтор).
Санат:Социалистік еңбек ерлері