Наланда — Үндістанның Бихар штатының солтүстігіндегі буддалық ғибадат орталығы. Оны университет деп жиі атайды. Дәстүр бойынша оның негізін салу кезеңі будда заманымен (б.д.д 6-5ғғ) сәйкес келеді деп есептелгенімен, археологиялық қазбалар оның іргетасын 5 ғасыр деп белгілейді. Ғибадатханада бірнеше мыңдаған ұстаздар мен шәкірттер тұрады. Оларға логикадан, грамматикадан, астрономия мен медицинадан дәріс оқылады. 7 ғасырдың соңында Наланданың жарқын бейнесін қытай табынушылары: СЮАНЬ ЦЗАН және ИЦЗИН жасады. Наланданың гүлденуі діни ескерткіштің орталығы болған кезде (12 ғасыр) өріс алды. Шамамен 1200 жылы мұсылмандар қоныстанған уақытта тоналған, бұл кез жөнделіп болмаған кезі болса керек. Санат:Үндістан мұражайлары
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Наланда · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.