Қарасу — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, аудан (1936 жылдан) және Қарасу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 4734 адам (2470 ер адам және 2264 әйел адам) болса, 2009 жылы 3728 адамды (1799 ер адам және 1929 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том .

Тарихы Іргесі шамамен 1880 жылы Ресейден көшіп келген шаруаларды қоныстандыруға байланысты қаланған.

Май зауыты, шұжық, нан, макарон бұйымдары цехы жұмыс істейдіҚазақ энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы елді мекендері