Дүниежүзілік сауда орталығы () — Нью-Йорк қаласының Төменгі Манхэттен ауданында орналасқан жеті ғимараттан құралған кешен. Ол халықаралық сауда мен қаржы саласының маңызды орталықтарының бірі ретінде қызмет атқарды.
Дүниежүзілік Сауда Орталығының авторы шығу тегі жапондық американ сәулетшісі — Минору Ямасаки болған. Кешеннің бас тапсырушысы және меңгерушісі Нью-Йорк пен Нью-Джерси Порт Басқармасы болды. Ресми ашылу салтанаты 4 сәуірде 1973 жылы өткізілді.
Кешендегі ең басты ғимараттар егіз мұнаралар болды. 1 ДСҮ немесе солтүстік мұнараның биіктігі антеннаны қоса есептегенде 526,3 м., ал оңтүстік мұнараның биіктігі 415 м құрады. 3 ДСҮ толықтай Marriott World Trade Center қонақ үй болған. 4-5 ДСҮ 9 қабаттық қара түсті сауда кеңсе ғимараттары болған. 6 ДСҮ ішінде АҚШ кеден қызметінің кеңсесі болған. 7 ДСҮ 47 қабаттық, ішінде сауда кеңселері мен мемлекеттік органдардың кеңселері болған ғимарат.
Құрылысы
Кешеннің құрылысы 1966 жылы басталды. Негізгі ғимараттар 1970–1973 жылдары аяқталып, 1973 жылы ресми түрде ашылды. Ашылғаннан кейін 1 және 2 ДСҮ мұнаралары әлемдегі ең биік ғимараттар қатарында болды.
Ашылуы және дамуы Дүниежүзілік сауда орталығы 1973 жылы ресми түрде ашылды. Кешеннің басты нысандары — 1 ДСҮ (Солтүстік мұнара) және 2 ДСҮ (Оңтүстік мұнара) болды. Бұл екі мұнара халық арасында «Егіз мұнаралар» деген атпен танылды.
Ашылған кезде Солтүстік мұнара әлемдегі ең биік ғимарат болды, ал кейіннен екі мұнара да Нью-Йорк қаласының және әлемдік экономиканың символдарының біріне айналды. Кешенде қаржы компаниялары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және әртүрлі кәсіпорындар орналасты.
Сәулеті мен құрылымы
ДСО кешені халықаралық стильдегі сәулет үлгісімен салынды. Ғимараттардың сыртқы көрінісінде қарапайым геометриялық пішіндер, шыны мен алюминий қаптамалары қолданылды. Егіз мұнаралардың құрылымында болат қаңқалы жүйе пайдаланылып, бұл олардың үлкен биіктікке жетуіне мүмкіндік берді.
Кешен құрамында жеті негізгі ғимарат болды: 1 ДСҮ, 2 ДСҮ, 3 ДСҮ, 4 ДСҮ, 5 ДСҮ, 6 ДСҮ және 7 ДСҮ. Сонымен қатар жерасты бөлігінде сауда орталығы, автотұрақтар және көлік инфрақұрылымы орналасқан.
Экономикалық және қоғамдық маңызы
Дүниежүзілік сауда орталығы Нью-Йорктің халықаралық іскерлік орталығы ретіндегі рөлін күшейтті. Кешенде мыңдаған адам жұмыс істеп, күн сайын көптеген келушілер болды. Оның құрамындағы көру алаңдары мен мейрамханалар қала туристері арасында танымал орындарға айналды.
Кешеннің жерасты бөлігінде орналасқан The Mall at the World Trade Center сауда орталығы Манхэттендегі ірі сауда орындарының бірі болды. PATH теміржол бекеті арқылы кешен Нью-Йорк пен Нью-Джерси арасындағы маңызды көлік торабына айналды.
2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуыл
2001 жылы 11 қыркүйекте "Әл-Каида" террористік ұйымның мүшелері АҚШ аумағында 4 жолаушылар ұшақтарын басып алып, ішінен 2 ұшақты егіздер мұнараларына тартқан. Жергілікті уақыт пен 08:46 am. сағатында American Airlines әуе компаниясының басып алынған ұшағы ДСҮ 1 ғимараттың 93-99 қабаттар ортасында соқтығысты. 09:03 am. сағатында United Airlines әуе компаниясының басып алынған ұшағы ДСҮ 2 ғимараттың 77-85 қабаттар ортасында соқтығысты.
Солай соқтығыстар себебінен, екі мұнараның жоғарғы бөліктеріндегі адамдар қамалып қалды. Жоғарғы қабаттарда қалған кейбір адамдар өрт пен түтіннің таралуына байланысты ғимараттан шыға алмады. Кейбірі жағдайдың ауырлығына байланысты терезелерден секірді.
Шабуылдан кейін өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және құтқарушылар адамдарды эвакуациялау мен көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Көптеген құтқарушы ғимараттар құлаған кезде қаза тапты. Бұл оқиға АҚШ тарихындағы ең ірі құтқару операцияларының бірі болды.
09:59 am. сағатында оңтүстік мұнара құлап, ДСҮ 4 ғимаратына үлкен бұзылу келтірді, төменгі Манхэттендегі көшелер ДСҮ 2 бұзылу себебінен зиян тұманға батты, ал 10:28 am. сағатында солтүстік мұнара да құлады және ДСҮ 6-7 ғимараттарына үлкен ауыр зақым келтірді. ДСҮ 7 ғимараттың үлкен бөлшегі солтүстік мұнараның құлауынан кейін өртке түсті де, 05:20 pm. сағатында құлады.
Солай 11 қыркүйек күні лаңкестік әрекет салдарынан ДСО кешені өз жұмысын белгісіз уақытқа тоқтатты, мыңдаған адамдар және оның ішінде құтқарушылар да қаза тапты. Бұл оқиға АҚШ тарихындағы ірі террорлық шабуылдардың бірі болып, әлемдік саясат пен қауіпсіздік саласына үлкен өзгерістер әкелді.
Мұрасы
Дүниежүзілік сауда орталығының орны кейін «Ground Zero» деп аталып, жаңа кешен салу жобасы жүзеге асырылды. Қазіргі Дүниежүзілік сауда орталығына 9/11 Мемориал Мұражайы, 1, 2, 3, 4, 5 және 7 ДСҮ, Арт-Перфоманс орталығы кіреді.
Санат:Нью-Йорк қаласы ғимараттары мен құрылыстары