Түймекент (1993 жылға дейін — Будённовка)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы ауыл, Түймекент ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 18 км жерде, Талас өзені жағалауындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, ши т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды, сұр топырақты қуаң шөлейт далада орналасқан. Жер көлемі 77047 га.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен45115195 7405 142,5 2663 3798 142,6 2532 3607 142,5
Тарихы Ауыл 1993 жылға дейін Буденновка (қолбасшы М.Буденныйдың атымен) деп аталып келген. Іргесі 1924 жылы қызылша өсіретін «Трудовой пахарь» ұжымшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде «Түймекент» өндірістік кооперативі, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта, орталау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелер бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Жамбыл облысының топономикалық атауларының аңықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері