Үлбі — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігіне қарасты кент. Бұрынғы Үлбі кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Риддер қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде, өзімен аттас өзеннің жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен56705332 4759 89,3 2560 2258 88,2 2772 2501 90,2

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың ортасында Лениногор (Риддер) полиметалл комбинатының салынуына байланысты қаланған.

Кәсіпорындары Ірі кеніш басқармасы, ағаш өңдейтін комбинаты, СЭС-тер каскады, екі орман шаруашылығы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Кәсіптік-техникалық мектеп, орта мектеп, бала-бақша, клуб, кітапхана, кенттік аурухана, амбулатория, дәріхана, т.б. мекемелер бар.Қазақ энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Риддер қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері