Өсімдік туралы Пахиподиум – суккуленттерге жататын өсімдік. Отаны – Африка мен Мадагаскар аралдары. Пахиподиумның діңі жуан, етті, тікенекті болып келеді. Грек тілінде “pachys” – толық, жуан, семіз, ал “podos” – аяқ деген ұғымды білдіреді. Өсімдіктің аты да осы пішініне қарай қойылған болу керек. Өте әдемі жұлдызға ұқсас, сары түсті гүлмен гүлдейді. Жіңішке ұзын жапырақтары діңінің басында шоғырланып шашырап орналасып пальманың пішініне келеді. Ұқсастығына қарай “мадагаскарлық пальма”- деп аталып кеткен, бірақ пальмамен ешқандай туыстығы жоқ.. Африка мен Мадагаскар аралының құрғақ , құмды, тасты жерлерінде өседі.

Жарығы Жарық жерді ұнатады. Тіке түскен күн көзін қажет етеді.

Жылуы Басқа суккуленттер мен кірпігүлдер сияқты қыста салқындықты қажет етпейді. Жыл бойы жылы болғанды қалайды.

Суғарылуы Топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Үнемі ылғалда ұстасаңыз, сұр шірік ауруына шалдығады.

Ылғалдылығы Орташа ылғалдылықты қажет етеді.

Қоректендірілуі Көктемнен күзге дейін кірпігүлге арналған тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіреді.

Аурулары Щитовка мен өрмекші құрты, кенемен зақымдануы мүмкін.

Көбейтілуі Тұқымы арқылы көбейтеді.

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

Санат:Кендірлер