thumb|100px|Фермий Fm|солға Фермий (лат. Fermіum; Fm) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы радиоактивті химиялық элемент, атомдық нөмірі 100, атомдық массасы 257, актиноидтарға жатады. Ең орнықты изотобының (²⁵⁷Fm) жартылай ыдырау периоды 100,5 тәулік.
²⁵⁷Fm изотопын жоғары тығыздықтағы ядролық реакторларда кюрийді жоғары жылдамдықтағы нейтрондар мен протондар ағынымен сәулелеу арқылы алса, өзге изотоптарын уран изотоптарын жылдамдатылған оттек, көміртек, плутоний, калифорний ядросымен , сондай-ақ альфа-бөлшектермен соқтығыстыру арқылы алады.Неорганическая химия. Радиоактивные элементы 2-е издание, исправленный и дополненный Учебник для СПО Автор: Игорь Бекман; Издатель: ЛитРес; ISBN:9785043090591 Сілтеме:https://www.google.kz/books/edition/%D0%9D%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F/8EskEAAAQBAJ?hl=ru&gbpv=0
Химиялық қасиеттері Фермий химиялық қасиеттері бойынша өзге актиноидтарға ұқсас болып келеді және салыстырмалы түрде жоғары құбылмалылығымен ерекшеленеді.
Фермийдің екі тотығу дәрежесі бар: +3 және +2. Осының ішінде +3 дәрежесі негізгі болып табылады, ал екінші дәрежесі Fm(+3)-тің қосылыстарын сулы-спиртті ерітіндіде магниймен әрекеттестіру арқылы алуға болады.
Дереккөздер
Санат:Химиялық элементтер Санат:Радиоактивті элементтер Санат:Актиноидтар