солға|нобай|169x169 нүкте|Франций Fr Франций (лат. Francіum; Fr) — элементтердің периодтық жүйесінің I тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 87, орташа атомдық массасы 212; атомдық массасы 217-ден 224-ке дейін болатын 9 радиоактивті изотопы белгілі. Ең ұзақ өмір сүретін изотопы ²²³Fr (Т½=21,8 мин). Оны француз ғалымы М.Пер ашқан (1939).
Тығыздығы 2,3 — 2,5 г/см³, балқу t 18 — 21 °С, қайнау t 640 — 660 °С, ерітінділерінде сілтілік металдар сияқты және кристалдану кезінде цезий тұздарымен бірге тұнады. Басқа элементтерден экстракция немесе хромотография әдісі арқылы бөліп алады. Тұрақты тотығу дәрежесі +1, химиялық қасиеттері цезий элементіне ұқсас. ²²⁷Ас изотопын анықтау үшін және қосылыстары медицинада қолданылады. Табиғатта кездесуі Франций - өте сирек кездесетін элементтердің бірі. Жер қыртысында үнемі болатын элементтердің ішінде одан тек астаттың мөлшері төмен. Барлық табиғи франций радиогендік болып табылады, оның радиоактивті ыдырауы уран-235 және торий-232 аралық ыдырау өнімдері ретінде жаңа франций атомдарының бір мезгілде пайда болуымен өтеледі. Жер қыртысындағы францийдің жалпы мөлшері 340 граммға бағаланады.
Жасанды жолмен алынуы Франций-223 изотопы тұңғыш рет француз ғалымы, радиохимик Маргарит Перейдің жұмысы арқылы 1939 жылы алынды. Ал өзге өте қысқа ғұмыр сүретін изотоптары кейінірек ядролық реакциялар нәтижесінде алынған.Chemistry of the Elements, авторы N. N. Greenwood, A. Earnshaw ISBN 9780080501093
Дереккөздер
Санат:Химиялық элементтер Санат:Радиоактивті элементтер