Мемлекеттің ауыл шаруашылығындағы меншікке қатысты саясаты Кеңестік тарихнамада БК(б)П XV съезінін шешімдері (1927 жылғы желтоқсан) ауылдарды жаппай ұжымдастыруға бет бұру деп түсіндірілді. Дегенмен, қарарды мұқият оқыған адам, онда «ауыл шаруашылығы еңбегінің қоғамдастырылуын барлық жерде қолдай отырып, шашыраңқы ұсақ шаруа шаруашылықтарын ірі өндіріс арнасына біртіндеп (қарайтқан біз — авт.) көшіруді» КПСС в резолюциях..., 261-6.. жүзеге асыру міндеті алға тартылғанын, сөз жоқ, байқар еді. Съезд құжаттарында осы процестін қарқыны мен қалай жүргізілетінінің көрсетілмегені сияқты, оның әдістері де, формалары да мүлдем айтылмады.

Алайда, съездің қалай дегенмен де «желдің қай бағыттан соғатынын және ел басшылығының қалай қарай бет бұра бастағанын» түсіндіре алғанын мойындау қажет. Әр түрлі денгейдегі партия қайраткерлері мұны дәл байқады. «Ілгері кетудің» жазаланбайтынына, сол сияқты «баяулықтың опық жегізетініне» өмірде көзі жеткендер, газеттердің бас мақалаларының бірінде айтылғандай, «колхоздық шаруашылық бастамаларын ынталандыруға» кірісіп те кетті.

Жылға жетпейтін уақыт ішінде (1927 жылдың ортасынан 1928 жылдың маусымы аралығында) Қазақстанда колхоздардың (ұжымшарлардың) саны 581%-ға (324-тен 1 881-ге) Сдвиги в сельском хозяйстве СССР между XV и XVI партийными съездами. Стат. сведения по сельскому хозяйству за 1927—1930 жж. М. — Л., 1931, 22-23-6.. көбейсе де, бүкіл аграрлық секторда оның үлесі санаулы, 1,8% күйінде қалды.Сонда..

Бүкілодақтық бірінші съездің ашылуы 1928 жылғы маусымның басында Мәскеуде колхозшылардың (әрине, колхоз белсенділерінің) Бүкілодақтық бірінші съезі ашылды. Онда «шаруалардың колхоз құруға деген жаппай құлшынысы» туралы көтеріңкі көңіл-күйлерін қорытындылай келіп, Одактық Жер халық комиссары Я.А. Яковлев былай деді: «Нағыз бұқаралық, кең ауқымды қозғалыс төменнен туады. Біздің органдар төменнен басталған осы қозғалысқа көмектесу үшін қандай өндірістік және ұйымдық шаралар қабылдау қажеттігін шешуі тиіс».Колхозы: Первый Всесоюзный съезд сельскохозяйственных коллективов. М., 1928. Сб..

«Көмек» тез көрсетілді, бірақ тіпті де колхоздарды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан емес. Мұндай көмекті, қалағанның өзінде, ешкім көрсете алмас еді, өйткені ол «арбаға ат емес, атқа арба жегу» болып шығар еді: ұжымдастыруға индустрияландыру көмектескен жоқ, қайта керісінше болды. Осыған орай Н. Бухарин кекесінмен тіпті «мың ағаш соқа бір трактордай бола алмайды» деген болатын.

Колхоздастыру ісіне ықпал ету, нақты материалдық тұрғыда емес «ұйымдастырушылық көмек» түрінде еді.

РКФСР Жер халық комиссариаты мен Колхоздастыру орталығы 1928 жылғы көктемде әзірлеген алғашқы перспективалық жоспар колхоздарға 1928-1932 жылдарда 1,1 млн шаруа шаруашылықтарын (бүкіл ел бойынша) тартуды көздеді. Бесжылдық ішінде осыған 1 млрд сом күрделі қаржы бөлінуі тиіс болды (керісінше, бесжылдыктың бірінші (1928-1929) жылында мемлекеттің өнеркәсіпке бөлген күрделі қаржысы бұдан бес есе көп — 4 775 млн сомды құрады, яғни колхоздастыру ісін мемлекет тегін дерлік ұйымдастырды).

Колхозшылар съезінен кейін екінші саты — Ауыл шаруашылығы кооперациялар одағы Жер халық комиссариаты белгілеген межеден үш есе (колхоздарға 3 млн шаруа шаруашылықтарын тарту көзделінді) асып түсті. Бесжылдықтың қорытынды цифрларын әзірлеген кезде КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті шаруашылық санын 5 млн-ға жеткізді. XVII партия конференциясында (1929 жылғы сәуір) бірінші бесжылдық жоспарын қарағаннан кейін бұл цифрды 4-4,5 миллион межеге тоқтатуға келісілді, ол жалпы шаруа шаруашылығы санының 16-18%-ы еді.Пятилетний план народнохозяйственного строительства СССР. М., 1932. Т. 2, ч. 1, 336-337-6..

Сталин «біздің жоспарларымыз болжам тұрғысында емес, нақты басшылық нұсқау-жоспарлар» деп өсиет еткендіктен, сол өсиетке сай колхоздарға кіретін «еріктілер» саны көп болуға тиіс еді. Сөйтіп, «жан қалауының» қанат жаю бағдарламасын өкімет алдын ала жасап қойды, «колхоз құрылысының еріктілігі мен елдін өз қалауы екендігі» төңірегінде насихат жұмыстары жүргізілді.

Алдағы алар асулар айқындалды. Алайда одан да биіктік «шындарды» бағындыруға тыйым салынбады. БК(б)П Қазолкомның Бюросы 1929 жылғы 1 қазанда республикада 5 144 колхозға 92 мың шаруашылықтың немесе олардың жалпы санының 7,4%-ының кіргенін қанағаттанарлық сезіммен қуана хабарлады».Сдвиги в сельском хозяйстве СССР между XV и XVI партийными съездами. 132-6..

Колхоздастыру науқаны кең серпін алатүсті. Қазанның он екі жылдығына (1929 жылдың 7 қарашасы) «Правда» газеті Сталиннің «Ұлы бетбұрыстар жылы» атты мақаласын жариялады, онда ерекше шабытпен (бірақ ақиатқа сай келмейтін): «Қалың шаруа бұқарасы мақтаулы «жеке меншік» туын лақтырып тастап, ұжымдастырудың даңғыл жолына өтуде» деп жазылды.Сталин И. Соч. Т. 12, 132-6..

БК(б)П ОД-нің 1929 жылғы 10-17 қараша аралығында өткен Пленумында ұжымдастырушылық нұсқау барынша анық көрсетілді. Мәселенінң соңғы нүктесін В. Молотов қойды. Сталиннің ойын халыққа сөзбен жеткізген партиялық және мемлекеттік басшылықтың №2 адамы тіпті алдағы жылы-ақ біз тек ұжымдастырылған облыстар туралы ғана емес, ұжымдастырылған республикалар туралы да айта алатын боламыз»,Ивницкий Н.А. Коллективизация и раскулачивание. М., 1994, 21-22-6.. - деп елдің жоғарғы партиялық басшылығын бір «қуантып» тастады.

«Қалың бұқараның ұжымдасушылық шығармашылығы» ауыздықтауға келмейтін сипат ала бастады. 1929 жылдың екінші жартысында Қазақстанда кұрылған колхоздардын саны Оралды ң б үкіл бесжылдык жоспары нан екі еседен асып түсті. Солтүстік Қазақстан үшін Колхоздастыру орталығы белгілеген тапсырманын жартысына жуығына жақындады.КР ОММ, 247-к., 1 -т., 207-іс, 40-п..

Алайда Мәскеу өздерінің өңірлері үшін белгіленген жоспардын «төмендігіне» реніш білдіріп, бастама көтеру мүмкіндігін беруді талап еткен жергілікті басшыларды қолдап отырды.

Колхоздастыру ісін ретке келтіру және барынша жөнге салу үшін оған нұсқаулық-жоспарлы сипат беру жөнінде шешім шығарылды. Осыған байланысты 1929 жылдың желтоқсанында Я.А. Яковлев басқарған арнаулы комиссия құрылды. БК(б)П OK Саяси бюросының шешімімен оның құрамына, орталық пен жергілікті партиялық-үкіметтік және шаруашылық органдарының басшыларына қоса, РКФСР ХКК төрағасынын орынбасары Т. Рысқұлов пен Казолком хатшысы Ф. Голощекин енгізілді.Ивницкий Н.А. Коллективизация и раскулачивание, 32-6..

Комиссияға ұжымдастырудың бірқатар мәселелері бойынша, оны бекіткеннен кейін, қарар түрінде қолдануға рұқсат етілетін құжаттар мен ұсыныстар әзірлеп, оны Саяси бюроның қарауына ұсыну тапсырылды. Сталин атап көрсеткендей, мұндай «қарар колхоздастыру қозғалысының қарқынын үдету, соңғы кездері осы тұрғыдағы жоспарлаушы және басқа да органдар белгілеген межені қайта қарау және ұжымдастыруды басты астықты аудандар бойынша барынша қысқа мерзімде аяқтау үшін қажет» Ивницкий Н. А. Коллективизация и раскулачивание, 42-6.. еді.

Науқанды негізінен батыл әрекет жағына қарай бағыттап, біраз пысықтағаннан кейін, Саяси бюро Я.А. Яковлев басқарған комиссияның жобасын бекітті, ал 1930 жылғы қаңтардың басында ол БК(б)П ОК «Колхоздастыру қарқыны және мемлекеттің колхоздастыру құрылысына көмектесу жөніндегі шаралары туралы» қаулысы түрінде жарияланды.

Көп ұзамай бүкіл ел, дәл бір әскери қимыл театры сияқты, шабуыл плацдармдары мен колхоздастыру науқанын өткізу аймақтарына бөлінді. Қазақстан сталиндік басшылықтың анықтауымен ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне аяқтау көзделген өңірлер (көшпелі және жартылай көшпелі аудандарды қоспағанда) тобына жатқызылды.КПСС в резолюциях..., 384-6..

Алайда шенеуніктердің құлшынысын белгілі бір арнаға түсіру енді мүмкін емес еді. Ұжымдастыру пайызы бүкіл партиялық-саяси және ұйымдық-шаруашылық жұмыстардын бағалық өлшеміне, жергілікті аппарат іскерлігінің сапалық белгісіне, олардың қызмет жағынан өсуіне кең жол ашатын өзіндік «баспалдаққа» айналды. Нәтижесінде кеңестік қоғам организм пайыз қуушылық дертіне ұшырай бастады. Газеттер «колхоздастыру майданындағы» күн сайын өзгерген ақпараттар ағынына ілесе алмады, республиканың аудандары мен округтері жеңіс рухымен қанаттанып өзара жарысқа түсті.

1930 жылдың 20 ақпанындағы есеп бойынша Қазақстанда 441 931 шаруашылықты, немесе оның барлық санының 35,3%-ын қамтыған 6 722 колхоз құрылды.КР ОММ, 44-к., И-т., 119-іс, 136-п..

Мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарда ұжымдастыру ісі қарқынды түрде жүргізілді. Шамасы мұнда Өлкелік комитеттің V Пленумында (1929 желтоқсан) Ф. Голощекиннің қысымымен әзірленген идеология ықпал еткен болса керек. Оның мәнін түсіндіре келе, сол кездегі Өлкелік комитет хатшыларының бірі Ү. Құрамысов: «Мал шаруашылығы басым аймақтарда ұжымдастыру астықты шаруашылықтарды ұжымдастыруға қарағанда аздап қиындау болуы мүмкін. Бұл мұнда астықты шаруашылықтарға қарағанда қарқынды біраз төмендетуге келістік (мәтінде солай. — авт.) деген сөз емес» Советская степь, 1929, 16 желтоқсан.. деді. Қарарда осыдан келіп: «Барлық жерде... мал шаруашылығы басым аймақтарда ұжымдастыруды астықты шаруашылықтардағы сияқты қарқынмен жүргізуге жұмылдырайық» деп жазылды..

«Колхоздастыру ісіндегі белсенділік таныту, насихат қаншалықты жар салғанымен, ешқашан шаруалар бастамасы болған жоқ. Бүл арада ашықтан-ашық қыспаққа алу әдісінің орын алғаны сөзсіз. Жалаң сипаттағы партиялық қаулыларда көрсетілген еріктілік принциптері мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әп дегеннен барлық жерге тән сипат алды.

Деректерде атап көрсетілгендей, ауыл жиындарын өткізу кезінде ұжымдастыру науқанын жүргізушілер «Колхозға кімнің кіргісі келеді?» деп сұрағаннан гөрі, нагандарын қолында ойнатып, «Ұжымдастыруға кім қарсы?» деген қатқыл сұрақты жиірек қойды. Шаруа дегенмен «оң пейілін» білдіре қоймаған және «буржуазиялық» жеке меншігінен құтылуға асықпаған жағдайда, оларға басқаша «тәрбиелік» шаралар қолданылды. Мәжбүрлеудің мұндай үйреншікті және кең тараған түріне сайлау құқығынан айыру, тұрғылықты жерінен басқа жаққа көшірумен қорқыту немесе қамап қою сияқты әдістер жатты.КР ОММ, 247-к., 1-т., 439-іс, 24, 27-п..

Құжаттық деректерде ұжымдастыру ісінде ату жазасымен қорқыту (атуға үкім шығарылғандай етіп, әдейі бастан жоғары бірнеше қайтара оқ ату жазаланушыны естен тандырары түсінікті), тыр жалаңаш шешіндіріп аязға үсіту, ұрып-соғып, мылтықпен ауылды айналдыра жалаң аяқ айдау, мұз ойыққа лақтыру сияқты дөрекі-қанішерлік әдістердін қолданылғаны айтылады.

Ұжымдастырушылардың қолданатын құралы Ұжымдастырушылардың қолданатын ең сенімді құралы толқу үстіндегілерді ойланып жатпастан кулактар қатарына жатқыза салу болды. Осы топқа кіргізудің еркін қолданылғандығы соншалық, атқарушы шенеуніктердің есірік қиялы оған кімді болса да жатқыза салатын еді. Мынадай да жайттар кездесті, мұндай айыптауды алдырып тастаудың жолы Бүкілодақтық старостаға «көздің жасын қол қылып» өтіну болатын, бірақ ол кез келген адамның қолынан келе бермеуші еді, Бүкілодақтық старостаға әркімнің қолы жетпеді.

Ұжымдастырушылардың бұлай күш жұмсауы колхоздастыру барысын тұйыққа тірер еді. Колхоздастыру ісіндегі жалған ақпараттар, асыра сілтеушілік оптимистік сезімді оятуға тырысса, ал оның сапалық қырлары басшылық санасында абдыраушылықты тудыра бастады. Сол кезеңдегі құжаттарда «жалған ақпарат», «бөспелік», «асыра сілтеушілік» деген үлгідегі теңеулердің көбейе бастауы тегін емес-ті.

Сонымен бірге тіпті ақиқат колхоздар ретінде аталғандардың өзі іс жүзінде қандай да бір қалыпты жұмыс істеуші өндірістік ұжым емес, қайсыбір түсініксіз құрылым түрінде қабылданды. Тап күткендегідей, шаруа шаруашылықтарының өндірістік мүліктерін ұжымдық шаруашылыққа қоса салу оларға мықты жеке шаруашылықтар алдында басымдылық бере алмады.