«Teenage Dream» (қазақша Жасөспірім арманы) — Кэти Перридің 3 студиялық альбомы. Альбом өз ішіне электроника, хип-хоп, электро-рок, евро-диско сияқты жанрлардың элементтерін қамтиды. Өлеңдерге махаббат, өсу тақырыптары серпіліс берген.
Альбомды жасау үшін көптеген продюссерлер жұмыс атқарды: Dr. Luke, Грег Уэллс, Макс Мартин, Райан Теддер, Бенни Бланко, The-Dream. Қонақ әншілері: Snoop Dogg, Канье Уэст, Мисси Эллиот, B.o.B.
Альбомнан алты сингл шығарылды, олардың әрқайсысы халықаралық хитке айналды. «California Gurls», «Teenage Dream», «Firework», «E.T.» және «Last Friday Night (T.G.I.F.)» әндері АҚШ-тың «Billboard Hot 100» тізімінде бірінші орынға шықты, бұл Перри тарихтағы бір альбомнан бес чарттоперге ие болған тұңғыш әйел және Майкл Джексонның «Bad» альбомнан кейін тарихтағы екінші орындаушысына айналдырды.
Альбом сыншылардан аралас пікірлер алды. Олар әндердің өндірісі мен тақырыптарын жоғары бағалады, бірақ олардың лирикалық мазмұнын сынады. Дегенмен, жылдар өте келе альбом поп-музыканың көрнекті жазбалардын бірі ретінде аталып, жылдың және онжылдықтың үздік альбомдарының рейтингіне енді. Альбом және оның синглдары барлығы 6 «Грэмми» номинациясына ие болды, оның ішінде «Жыл альбомы» номинациясы. Альбом бүкіл әлем бойынша 11 миллион данамен сатылды.
Композициялар тізімі
Дереккөздер
Санат:Кэти Перри альбомдары