Теміржол құрылысы. Түрксіб орасан зор аумақты алып жатқан және қатынас жолдар торабы нашар дамыған Қазақстан үшін көлік қатынастарын дамыту мәселесі айрықша маңызды еді. Республиканың түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі салаларын құру мәселесі (Қарағанды көмір алабының, Балқаштағы мыс қорыту зауытының, Шымкенттегі қорғасын зауытының, Риддердегі мырыш зауытының және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысы мен оларды дамыту, мұнайлы Батыс аудандарды игеру) көлік қатынастарына айтарлықтай тәуелді болды. Бұл пайымдаулар Бүкілқазақстандық VII партия конференциясында (1930 жыл, 30 мамыр - 6 маусым) жасалған баяндамада көрініс тапты. Онда былай делінді: «Егер көлік қатынасы Кеңес Одағында шешуші мәнге ие болып отырған болса, онда негізінен алғанда аралық көлік жолы ретіндегі Ташкент теміржолынан өзге, Түрксібке дейін ештеңе болмаған Қазақстан жағдайында, теміржол құрылысының маңызы айрықша зор болмақ, өйткені ол Одақтың орталық аудандарын Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, тұмса, бірақ сонымен бірге бай аудандарымен байланыстырады».Социалистическое строительство Казахской ССР за 20 лет, 4-6.. VII партия конференциясы бірінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштерін бекітті. Республиканың ауыл шаруашылығын дамытуға (жер суландырусызды қоспағанда) 2 млрд сом, өнеркәсіпке 1223 млн сом, көлік қатынасына 1231 млн сом, байланысқа 64 746 млн сом бөлінді. Осыдан көрініп тұрғанындай, бірінші бесжылдықта көлік қатынасын дамытуға айрықша мән берілді, сондықтан да оған тіпті өнеркәсіпті дамытуға Қарағанда да біршама көбірек қаржы бөлінді.
Қазақстанда бесжылдық ішінде 2633 км кең табанды теміржол магистралін салу белгіленді. Негізгі бағыттар: Бурабай-Ақмола-Қарағанды, Орск-Ақтөбе, Шымкент-Ташкент, Риддер-Рубцовка, Қосқұдық тармағы, Түрксіб. Алайда жаңа теміржол құрылысының бесжылдық жоспары толық орындалған жоқ; кейбір басталған теміржол желілері (Рубцовка-Риддер, Шымкент-Ташкент т.б.) уақытша тоқтатылды. Әйтсе де Қазақ республикасының теміржол көлік қатынасының дамуы бірінші бесжылдықта айтарлықтай табысты болды, бұл жетістік ең бастысы екі теміржол құрылысынан: Түркістан-Сібір магистралі мен Бурабай-Ақмола-Қарағанды желісінен көрініс тапты.
Петропавл-Көкшетау-Бурабай шипажайы теміржол желісі аяқталып, Омбы теміржолы 1927 жылдың 2 қазанында пайдалануға берілді.VII Всеказахстанская конференция ВКП(б). Стенограф, отчет. А.-А., 1930, 318-332, 373-380-6.. Бірінші бесжылдық кезінде алдымен Бурабай-Ақмола, кейінірек Ақмола-Қарағанды желілері салынды. Петропавл-Көкшетау-Ақмола желісі Солтүстік Қазақстанның астықты аудандарына қызмет етті және негізінен ауыл шаруашылығы үшін маңызды болды. Оны Қарағандыға дейін жеткізген соң, Орталық Қазақстанға да қызмет көрсете бастады, көмір-металлургия магистраліне айналып, үлкен өнеркәсіптік мәнге ие болды. Қарағанды теміржол желісі республиканың индустрия өзегіне барар жолдың кілті іспетті болды. Теміржол желісі салынғаннан кейін бірден-ақ Қарағанды облысы ұйымдастырылды (наурыз, 1932 жыл). Ақмола-Қарғалы желісі салынғанға дейін (1939-1943 жылдар) Қарағанды теміржол желісі Қарағанды көмір алабын Орал металлургиялық өнеркәсібімен байланыстырған аса маңызды теміржолға айналды. Оның үстіне, теміржол желісі бүкіл Орталық Қазақстанның индустриялық дамуына серпін берді.
Түркістан-Сібір теміржолы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатына енді. БК(б)П OK 1926 жылы 25 қарашада қабылдаан қаулысында «Сібір мен Орта Азияны және Днепрдегі электр стансасын (Днепрострой) жалғастыратын Жетісу теміржолының құрылысын Халык шаруашылыгы Орталык мемлекеттік мұрагаты, 1884-к., 80-т., 312-іс, 4-п.. бүкілодақтық мәні бар барлық... жұмыстардың ішіндегі кезек күттірмейтініне жатқызылсын» деп көрсетті.Бұл желі уақытша пайдалануға кезең-кезеңімен берілді: 1920 жылы 1 қарашада — 23 шақырым, 1921 жылы 1 тамызда — 123 шақырым, 1992 жылы 1 шілдеде — 133 шақырым (Көкшетау ст.), ал Петропавлдан Бурабай шипажайына дейінгі жол толығымен 1925 жылы 15 қыркүйекте пайдалануға берілді. Қараңыз: Сонда.. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Жетісу теміржол магистралінің құрылысы туралы мәселе бойынша» қаулысында да (28 ақпан 1927 жыл) оның «Орта Азия, Қазақстан және Сібірдің шаруашылық дамуы және бүкіл Кеңес Одағы үшін де аса зор мәні» атап көрсетілді. Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, сондай-ақ ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс болды, ал бұл өз кезегінде мақта егілетін жер аумағын шұғыл кеңейтуге, мақта өнімінің өзіндік құнын арзандатуға, шет елдерден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға, сол арқылы Кеңес Одағының сыртқы саудасының баланс белсенділігін күшейтуге мүмкіндік берді.
Жаңа жол бұған дейін Орта Азияға РКФСР-дін еуропалық бөлігінен тасып әкелінген астық пен ағаш материалдарды экспортқа және басқа қажеттіктерге пайдалануға мүмкіндік берді; Түрксіб Сібірдін ауыл шаруашылық өнімдерін (астық, ағаш және басқалар) Орта Азия базарына шығаруға, сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты. Теміржол Қазақстан мен Қырғызстанның негізгі экономикалық аудандары арқылы өте отырып, мұндағы ауыл шаруашылығы дамуынын қуатты факторына айналды, әсіресе өнеркәсіпке қажетті шикізат бере алатын мал шаруашылығын және тау-кен ісін ілгері бастырды. Теміржол Іле, Ертіс және басқа өзендер арқылы кемемен жүзуді жақсартты. Түрксіб, Батыс Қытай мен Батыс Моңғолияның шекарасына өте жақын жерден өтетіндіктен, КСРО мен бұл елдердің тауар алмасуын айтарлықтай жақсарта алатын еді.Жетісу теміржолы (Арыс - Пішпек - Фрунзе) 1114 жылы салына бастаган, 1917 жылы жол Бурное стансасына дейін тартылды. Жолдың қалған бөлігі Кеңес үкіметі кезінде салынды (1924 жылғы қыркүйекте). Жетісу теміржолымен бір мезгілде революцияға дейін Новосибирскіден Барнауыл арқылы Семейге Алтай теміржолы (1914-1915) тартыла бастаған еді. Караныз: Асылбеков М.Х. Развитие железных дорог Казахстана в конце XIX - начале XX веков// Казахстан в канун Октября. А.-А., 1969, 196— 202-6..
Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы арнаулы басқармаға жүктеліп, оның бастығы болып B.C. Шатов тағайындалды. Жолды екі жақтан: солтүстікте Семей жағынан, ал оңтүстікте Луговой стансасы жағынан бастап салуға шешім қабылданды. РКФСР Халком Кеңесі жанынан Жетісу теміржолына Жәрдем комитеті ұйымдастырылып, оған құрылыс жұмыстарын табысты жүргізуге жалпылай ықпал ету міндеті жүктелді. Комитет жанынан төрт секция құрылды: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жол қатынасы, суландыру секциялары. Комитет төрағасы болып РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынын орынбасары Т.Р. Рысқұлов бекітілді.Решения партии и правительства по хозяйственным вопросам (1917—1967 жж.). Т. 1, 361-6.. Жолдың солтүстік бөлігіндегі жер қазу жұмыстары 1927 жылы сәуір айында, ал жол төсеу — 15 маусымда басталды. 1927 жылы 21 қарашада, ұзақ уақыттық дайындықтан кейін жол төсеу құрылыстын оңтүстік бөлігінде де басталды.
Революцияға дейінгі зерттеулер нәтижесі жолдың қымбатқа түсетінін көрсеткен еді. Сордықтан техникалық-экономикалық алғышарттарға негізделген жаңа Зерттеулер жүргізуге шешім қабылданды. 1926-1927 жылдар бойына жаңа зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыс 1928 жылдың жазына дейін созылды. Соның нәтижесінде айтарлықтай қаржы — құрылыстың 212 млн сом жалпы құнынан 35 млн сом үнемделетіні белгілі болды. Қымбатқа түсетін айналма Қордай бағытының (Луговой-Фрунзе-Алматы) орнына теміржол желісін Шоқпар бағытымен жүргізуге шешім қабылданды. Жолдың солтүстік бөлігінде Лепсі бағытының орнына Балқаш бағыты алынды, бұл шешім жолдың ұзындығын қысқартып, елеулі үнемділікке қол жеткізді.Туркеста-Сибирская магистраль (Сб. статей). М., 1929, 282-6..
Түрксіб құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып Тұрар Рысқұловтың тағайындалуы жайдан-жай емес еді. Ол, 1926 жылдың маусымынан РКФСР ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесі) төрағасының орынбасары бола жүріп, Қазақстан мен Орта Азияны Сібірмен жалғастыратын теміржол құрылысы жөніндегі пікірталас басталған кезден-ақ оны тезірек салу идеясының белсенді жақтаушысы әрі көшбасшысы болды. РКФСР ХКК-нің 1927 жылы 2 наурыздағы «Жетісу теміржолын салу мәселесі туралы» қаулысының өзін, Ресей үкіметі 1927 жылы 4 ақпанда құрған, Т. Рысқұлов төрағалық еткен арнаулы комиссия дайындаған болатын.РКФСР 5(алык шаруашылығынын мемлекеттік мұрагаты, 7578-к., 1-т., 10—11-п; 3-іс, 67-п; 11-іс, 77-81-п.; 11-іс, 77-81-п. және баскалар..
Алғашында РКФСР ХКК жағындағы Жәрдем комитетінің құрамына 18адам енді, бірақ көп ұзамай оның мүшелерінің саны 50-ден асты. Комитет жұмысына, оның пленарлық отырыстарының аралығында Т. Рысқұлов бастаған Төралқа (алғашында 9, одан сон 11 адам) жетекшілік етті. Оған Қазақстаннан КазАКСР Халком Кеңесінің төрағасы Н.Н. Нұрмақов кірді. Комитет құрамына республикалар және аймақтар халкоматтары өкілдерінен өзге, ғалымдар (8 профессор) және мамандар (инженерлер, экономистер, агрономдар және басқалар) енді.
Т. Рысқұлов комитет құрамын жасактауда оған кәсіби шеберлерді тартуға ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте Жетісу теміржолын 1917 жылға дейін де салуға қатысқан Петербург жол қатынасы инженерлері институтының түлегі, Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша бұрынғы комиссары және Қоқан автономиясы үкіметінің басшысы болған Мұхамеджан Тынышбаев туралы мәселе ерекше мәнге ие еді.
1926 жылы 18 желтоқсанда Т. Рысқұлов Қызылордаға былай деп жеделхат жібереді: «ХКК Нұрмақовқа көшірмесі крайком Голощекинге. Инженер Тынышбаевты білгір маман ретінде Жәрдем комитетінің және ЖКХК Құрылыс комитетінің құрамына қосымша енгізуді шамалап отырмыз. Өз пікіріңізді хабарлаңыз». Бұған Голощекин Мәскеуге, ЖКХК-ке жолдаған жеделхатында: «Тынышбаевты енгізуге қарсымыз» деп жауап береді. Әйтсе де Т. Рысқұлов 1927 жылы қаңтарда Алматыға, губерниялық атқару комитетіне, М. Тынышбаевқа жеделхат жолдайды: «Сізді ЖКХК Жетісу-жолы құрылысы бойынша ХКК Комитеті және ЖКХК құрылыс комитетінің құрамына енгіземіз. Мәскеуде алдын ала жұмыс істеу қажет. Егер келіссеңіз, қашан шығатыныңызды хабарлаңыз. Нұрмақовпен келісілді».Островский 3. Турксиб. М., 1930, 21-6.; Дахшлейгер Г.Ф. Турксиб – первенец социалистической индустриализации: (Очерки истории постройки Турксиба). А.-А., 1953, 43-48-6.. Шынында да, М. Тынышбаев Түрксіб құрылысын салу барысында білгір маман ретінде қыруар еңбек етті.
М. Тынышбаев есімінің танылуы Бұл кезде М. Тынышбаев есімі кеңінен белгілі, әрі шойын жол құрылысын жүргізу мен пайдалануға беру жөнінен білгір маман ретінде кеңінен танылған болатын. 1906-1914 жылдары ол Ортаазия теміржолы тармағында алғашында инженер, одан соң салынып жатқан Урсатьевск-Әндіжан теміржол желісінің бастығы, бас инженері, ал 1914 жылы Арыс-Әулиеата теміржол құрылысының бас инженері қызметін атқарды. Бұл жолдың 1926 жылы Луговой стансасына жетіп, құрылысы аяқталуына және Түрксіб теміржолы құрылысының басталуына байланысты, Березин, Шатов, Перельман секілді, жол қатынасының басқа да көрнекті инженерлерімен бірге, М. Тынышбаев осы ірі жол магистралін салуға шақырылады. Сөйтіп Түрксібтегі қыруар еңбегі тұрғысынан және «Орталық» (немесе «Рысқұловтық») Жәрдем комитетіне мүшелігі - екінші жағынан, М. Тынышбаевқа өзінің ұйымдастырушылық және маман ретіндегі зор талантын ашуына, ұрпақ жадында өз халқының мүддесі мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен үлкен тұлға ретінде есімін қалдыруға тамаша мүмкіндік тудырды.
Т. Рысқұловтың ұсынысы бойынша Жәрдем комитеті магистраль өтетін аудандарды кешенді зерттеу қорытындыларын жинақтады және олардың әзірлеген ұсыныстары 1927 жылдың 7 желтоқсанындағы РКФСРХКК қаулысының негізіне алынды, сондай-ақ, «РКФСР халық шаруашылығы және әлеуметгік-мәдени құрылыс бесжылдық жоспарының бақылау цифрларына» арнаулы тарау түрінде енгізілді.