250px|thumb|Астана қаласының жасанды жер серігінен түсірілген суретті Астана қаласының Бас жоспары (толық атауы "Астана қаласының 2030 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары" қысқаша Генплан г. Астаны) — Астана қаласы тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздігін, табиғи және мәдени мұраларын сақтау мақсатында жасалған қаланың сәулет-құрылыс жоспары.

Қаланың сәулеттік тұжырымдамасын әзірлеуде тұңғыш президенттің, Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілген еді.

«Астана қаланың Бас жоспарын» жасауға халықаралық бай­қау жарияланып, байқау нәтижесінде жапон сәулетшісі Кишо Курокаваның () арнайы жасаған жобасы қабылданды.

Астана символы - Бәйтерек, Норман Фостердің қолтаңбасы.

Жоба барысында жүзеге асқан «Бейбітшілік және келісім сарайының» мен «Хан шатыр» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николеттидің туындылары.

«Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу — жобалау институты» ЖШС

thumb|200px|left|Астана қаласының Бас жоспары ғимаратының алды Астана қаласының Бас жоспарымен «Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу — жобалау институты» Мемлекеттік Комуналдық Кәсіпорыны (немесе ЖШС) айналысады. Институттың директоры — Баир Досмағамбетов, бас сәулетшісі — Бақтыбай Тайталиев. Мекеме 2030 жылға дейiн Астана қаласын дамытудың аймақтық жоспарына түзету енгiзу жобасын әзiрлеп бекiттi. Сонымен қатар қала маңы аймағының құрылысын жоспарлау кешендi сызбасын әзiрлеген. Астана әкiмшілігінің тапсырмасымен түбегейлi жоспарлау жобаларын дайындаумен айналысады. Мәскеуде өткен "Сәулет-2012" халықаралық фестивалінде мекеме ұсынған Астана Бас жоспары жобасы Халықаралық архитекторлар одағы мен Халықаралық архитекторлар академиясының үлкен алтын дипломымен мараптаталды.Елорда сәулеті. Алдан Смайыл, Аманжол Чиканаев, Артур Мельников. — Астана: Фолиант, 2007. — 236 бет. ISBN 9965-35-129-5

Бас жоспар авторы

thumb|180px|Хан Шатыр Асыл тас ғимаратынан қарағандағы көрінісі Болашақ Астана қаласының Бас жоспарын жасауға тұңғыш халықаралық байқау жарияланып, әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жіберген жүздеген жобалар сараптаудан өткізілді. Конкурсқа көптеген елдердің сәулетшілері өз жобаларын ұсынды. Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция, Германия, Ресей, Финляндия, Корея, Болгария, Пәкістан, Польша, Чехия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Латвия сияқты елдерден 50-ден астам жоба түсті. Барлық жобалар Конгресс-холлға қойылды, олармен әркімнің танысуына толық мүмкіндік туды. Ұсыныстар топтамасының ішінен халықаралық конкурстың шарттары мен талаптарына жауап бере алатын 27 жобалық әзірлеме беделді қазылар алқасының қарауына іріктелді. Сөйтіп, конкурс қорытындысы бойынша жапон концептуалисі Кисе Курокаваның (шын аты Нориаки) жетекшілік ететін Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон агенттігінің зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласының бас жоспарының жобасы қабылданды. Кисе Курокава () Халықаралық Астана Әуежайы Амстердам қаласындағы Ван Гог мұражайы, Куала-Лумпурдың халықаралық әуежайы, Осака қаласының Ұлттық-экологиялық мұражайы, Болгариядағы «Витоша» қонақүйі, «Sony» корпорациясының мұнарасы сияқты жобалардың авторы.

Курокаваның айтуы бойынша ол Астананы дамытудың Бас жоспарының негізіне жаңа философиялық көзқарасты тұғыр еткен. Оның тұжырымдауынша:

Астананың бүгінгі келбеті – бұл жапон сәулетші Куракаваның пәлсапалық түсініктері. Бұл түсініктер үш тұғырға орныққан: біріншісі – қала мен табиғаттың етене өмір сүруі (симбиоз), екіншісі – өзгеру мүмкіндіктері, үшіншісі – абстрактылы символизм, яғни, қабылдауға түсінікті геометриялық фигуралар. Барлық жобаларда түпнұсқалық пен өзіндік келбетке баса назар аударылады.

Кез-келген қаланың бас жоспары 20-25 жылға есептеледі. Астана қаласының әкімшілігі де осы ұстанымды таңдады. Өйткені, бас жоспардағы кез-келген өзгерістер алдағы тәжірибеде оңай ауысуы қажет.

Қала құрылысы доктринасының нақ осындай үлгісі тұңғыш рет Астана қаласы құрылыс алаңдарында тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады. Н. Назарбаев тапсырмасымен қазақстандық архитекторлар «Астана қаласының Бас жоспарына» уақыт өте келе өзгерістер мен тың жаңалықтар енгізді. Бұл орайда өңірдің экологиялық жүйесімен қала құрылысының бірегейлене салынуына басты назар аударылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің табиғи жағдайларын, ауа райының құбылмалылығын ескере келіп, қала маңында жасанды орман алқабын қалыптастыруды күн тәртібіне қойды.

Бас жоспардың дайындалуы

Бас жоспардың алғашқы нұсқасы

Бас жоспарды дайындау үшін қазақстандық сәулетшілер тобына (Б. Досмағанбетов, С. Баймағанбетов, Қ, Монтақаев, Т. Ералиев, С. Рүстембеков, С. Жүнісов, Е. Мұхаметшина, Л. Нысанваева, В. Гладких, В. Тоскин) 1996 жылы тамсырма берілген. Сонымен бірге қаланың дамытудың басқа да, барынша ұтымды, бірегей бастамаларын қарастыру үшін, Ақмоланың (қазіргі Астана) Бас жоспары тұжырымдамасының түрлі нұсқаларын дайындауға конкурс жарияланды. Конкурста қазылар алқасы «Ақмола – Алматы» жобалау-құрылыс компаниясы шығармашылық тобының эскиз-идеясына бірінші орынды лайық деп тапты. Екінші орынға Қарағанды қаласы сәулетшілерінің шығармашылық тобына берілді.

Үкімет жаңа елорданы тез арада халықаралық стандарттарға сай қалаға айналдыру керек деген тапсырма берді. Осыған байланысты үкіметте қала салу жобасының барлық қажетті формалды үрдістері мен дайындалу мерзімін, ұйғарымдарын сақтау үшін құрылыс жұмыстарын бірнеше жылға тоқтата тұру керек немесе қала салу жобаларының аяқталуын күтпей қаланы дамытудың Бас жоспарынсыз-ақ, тез жылдамдықпен үлкен аумақта жорамалдап құрылыс сала беру керек деген таңдау болды.

ҚР Үкіметінің Қаулысы мен Қазақстанның жаңа астанасын дамытудың Бас жоспарын дайындайтын шығармашылық топ дайындалды. Оның құрамында Б. Досмағанбетов (шығармашылық топ жетекшісі), С. Баймағанбетов, С. Үрістембеков, Т. Ералиев, Қ. Монтақаев, бар еді. ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде Астана қаласы Әкімінің өкімімен авторлар ұжымының базасында құрылған «Ақ-Орда» жобалау-құрылыс компаниясына бірінші орын иеленген конкурстық жоба ережелерін басшылыққа ала отырып, тез арада өзінің тұрған аумағында 2005 жылға дейінгі кезеңдегі қала салудың бірінші кезекті маңызды міндеттерін шешу жобасын дайындау тапсырылды.

Бас жоспардың жекелеген тарауларын жүзеге асыру мақсатында авторлық ұжым құрамына Е. Қайыргелдинов, Б. Тайталиев, А. Чиканаев, Б. Қонысбаев, А. Фисенко, В.И. Швец және т. б сәулетшілер кіргізілді. Осы сәулетшілер ұжымы дайындаған Бас жоспар астана тұрғындары санының болжамдық есебіне негізделді. Ол барынша кең тараған және кеңестік қала салу тәжірибесінде базалық болып есептелетін еңбек баланысы тәсілі бойынша орындалған болатын. Бұл есеп бойынша 2005 жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 350 мың адам шамасына жетуі тиіс еді. Авторлар бас жоспардың негізгі тарауларын көрсете отырып, қала құрылысының бірінші кезектегі міндеттерін шешуге талпыныстар жасалды.

Қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту тұжырымдамасы мынадай идеялардан көрініс тапты:

1. Қаланың аумақтық дамуы тек батыс және шығыс бағыттарға ғана емес, сонымен қатар оңтүстікке, Есіл өзенінің сол жағалауын қарай да жүргізілуге тиіс.

2. Есіл өзенінің сол жағалауын астаналық үкімет-әкімшілігі орталығы мен көп қабатты тұрғын үй құрылысының жаңа ауданын құру мақсатында пайдалану.

3. Су айдынын қаланың сәулеттік композициясы ретінде пайдаланып және жағалауына көркем ансамбльді көпқабатты құрылыс жүргізе отырып, өзен арнасын қаланы дамытудың өзек-сызығына айналдыру.

Осылайша авторлар «Ленгорстройпроект» сәулетшілері дайындаған, қаланы дамытудың кезеңді жоспарлы тұжырымдамасынан саналы түрде бас тартып, өзеннің биік, су тасқыны алмайтын оң жағалауы бойынша Астана қаласын аумақтық-жоспарлы дамыту сызбасы таңдады. 2000 жылға дейін осы жоба қала аумағында құрылыс пен қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде саналып келді.

Кишо Курокованың дайындаған Бас жоспардың негізгі нұсқасы

Алайда 1998 жылы әлемдік сәулет шеберлерін тарта отырып, Астана қаласының Бас жоспарының эскиз идеясын дайындау үшін ашық конкурс өткізу қажеттілігі белгілі болды. Конкурсқа Еуропаның, Азияның және Австралияның 19 елінен танымал сәулетшілер, сондай-ақ ТМД елдері мен Қазақстаннан шығармашылық ұжымдар қатысты. Белгілі жоғары халықаралық қазылар алқасы, әлемдік деңгейде танымал теоретик және қазіргі сәулет шебері К. Курукованың шығармашылық ұжымын конкурс жеңімпазы, олар ұсынған жобаны үздік деп тапты. Конкурс аяқталғанан кейін К. Курукова Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жұмысына жетекшілік етті. Жұмыс Жапон үкіметінің грантына Халықаралық әріптестік бойынша Жапон агентігі (ХӘЖА) мен Астана қаласын дамыту Корпорациясы арасындағы келісімнің негізінде орындалды.

Зертеу тобы 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың мамыры аралығында материалдар жинау мен Астананың қала салуға ыңғайлылық жағдайын тексеру бойынша қажетті алқаптық зерттеу жұмыстарын жүргізді. ХӘЖА зерттеу тобы жүргізген болжамдық есеп бойынша, Астана тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 800 мыңға, ал 2010 жылға қарай 490 мың адамға жетеді. Бұл орайда К. Курукава қалалар дамуының негізгі көрсеткіштеріне болжам жасай отырып, жалпы әлемдік адам санының өсуінің орташа статистикалық жеделдігін және экономикалық мүмкіндіктер мен ірі қалалар құрылысының өсу қарқынын да негізге алды. Соның ішінде, қала тұрғындарының болашақтағы санын болжау үшін, олар Қазақстан қоғамы мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына және мүмкіндіктеріне де болжаммен қарап, оларды өзара байланыстырып, экстраполяцияның теңгерімдік әдісін пайдаланды. Астана қаласын дамытудың дайындалған Бас жоспарымен белгіленген тәртіп бойынша, сарапшылар мен мамандар танысып шығып, оны 2001 жылы 15 тамызда ҚР үкіметі бекітті.

Доктор К. Курукава дайындаған Бас жоспардың негізінде симбиотикалық қалалардың философиялық доктринасын енгізді. жапон сәулетшісінің пікірі бойынша, XXI ғасыр қала құрылысының алдында тұрған негізгі құнды бағдарлар мен міндеттерді қайта құруды талап ететін жаңа талаптармен әйгіленді. Ғаламшардың экожүйесі енді адамдар өндіріп жатқан техногендік және антропогендік салмақтың тоқтаусыз өсуіне төзе алмайды. Қалаға шоғырлану үрдісінің тегеуірінді екпін алуы, тұрғындардың жаппай көлік иеленуі, техникалық прогресс пен өндірістік эволюция қарқынының артуы табиғат кешенін бүлдіру мен құлдырату үрдісіне кері шегінбес сипат беріп отыр. Өсіп келе жатқан мегаполистер мен қаладан шығатын қалдықтар жиынтығы, миллиондаған гектар табиғи орман легінің жыл сайын жаңарып отыратын ауыл шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы, құбырдан шығатын қалдық судың өзендер мен көлдердегі негізгі таза ауыз суға құйылуы, оларды бүлдіріп, өзінің арнасына айналдыруы табиғи тепе-теңдікті бұзудың қуатты факторы болып табылады. Осылардың барлығы XXI ғасыр адамзаттың алдына қызметтің барлық түрін, соның ішінде қала салуды жаңа жүз жылдықтағы ең өзекті және өткір мәселесі ретінде экологиялық әдіс пен қадамдарға ауыстыру міндетін қойып отыр. Осылай философиялық-теориялық пайымдауларды негізге ала отырып, доктор К. Курукава XXI ғасырда қалыптасқан қала салудың теориясы мен тәжірибесін қайта қарап, экологиялық стандарттар мен талаптардың аясында уақыттың қатал сынына жауап бере алатын қала салудың қағидалары мен тәсілдерін дайындау керек деп есептеді. Доктор К. Курукава Астана қаласының Бас жоспарын тұжырымдамасын дайындағанда өзінің философиялық ой-тұжырымдарын тәжірибелік тәсілмен іс жүзінде көрсетуге талпыныс жасады.

Бас жоспардың негізгі ережелері К. Курукаваның сәулетке қатысты ойларының космологиялық теориясына тән мынандай басты үш санатқа негізделді: <<симбиоз (сабақтастық)>>, <<метаболикалық қала (зат алмасып тұратын)>> және <<абстрактілі символизм>>. Кишо Курокаваның қала салу тұжырымдамасының теориялық платформасы қаланы көшелер салып, әдемі ғимараттар орналастыратын аумақ ретінде ғана емес, жерді, ауаны, суды пайдаланатын, осыған сәйкес өз тіршілігінің талабы бойынша сыртқа өнім (қалдық) шығаратын тірі организм ретінде тануымыз керек деген айқын пікірдің төңірегінде тұжырымдады.