Бавария () — Федералды Германия Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы федералдық жер, ГФР-да көлемі жағынан ең үлкен федералды жер болып есептеледі.
Әкімшілік бөлінуі: Жеті әкімшілік округ – Жоғарғы Франкония, Ортаңғы Франкония, Төменгі Франкония, Жоғарғы Пфальц, Төменгі Бавария, Жоғарғы Бавария, Швабия.
Астанасы – Мюнхен.
Негізгі тұрғындар – баварлықтар, франкондықтар және швабтар.
География right|thumb|Бавария территориясынан өтетін Дунай өзені
Ландшафт
Баварияның негізгі қалалары - Мюнхен, Нюрнберг, Аугсбург, Вюрцбург и Регенсбург. Баварияның шығысында Франкон Орманы, Фихтель таулары, Оберпфальцер және Бёмервальд таулары, оңтүстігінде Альп таулары, батысында швабтық Штуфенланд жері және солтүстігінде Шпессартпен Рен орналасқан.
Баварияда үлкен германдық ландшафтың үш бөлігі орналасқан: солтүстік Калькальпен және Альп таулары өзінің қызықтыратын өзендерімен, Бавариялық қыратпен қоса әдемі дөңді жерлері Дунай өзеніне дейін созылып жатыр.
Баварияда көптеген өзендер бар, оның көбісі Дунаймен байланысып жатыр. Баварияның солтүстік-батысында Майн өзені ағып жатыр, Франкондық орманының және Фихтельгебирге орманының бөктерінен Заале өзені бастау алады. Рейн және Дунай бассейні 1992 жылы Рейн-Майн-Дунай каналымен біріктірілген.
Дунай - Еуропада көлемі бойынша Еділден кейін екінші орын алады. Өзен арнасы кейбір жерлерінде бөгеттермен қоршалған.
Бавария - өзендер отаны. Шамамен 1600 өзен Альп тауларына құйады. Ең ірі - Кимзее, Аммерзее, Штарнберг, Тегернзее, Кенингсзее өзені, ең тереңі - Вальхензее (192 м.).
Франкондық Альб және Бавардық Альптың оңтүстігінде көптеген үңгірлер мен шахталар бар. Баварияның ең үлкен үңгірі - Зальцграбенхёле (Salzgrabenhöhle, 7800 м).
Шекара
Баден-Вюртемберг 829 кмГессен 262 кмТюрингия 381 кмСаксония 41 кмЧехия 357 кмАустрия 816 кмБодендік өзен 19 км — Боден өзені бойынша Бавариямен Швейцария шекарасы орналасқан.
Бавария Тарихы
1880 жылға дейінгі ерте тарихы
Ерте бавар жерлеріңдегі көне адамдардың шығу тегі кельт, оңтүстігінде шығу тегі этрусктермен аралас, дәлірек: виделиктер Инн жазық үстіртеріне дейін, ал шығысында нориктер, Альпте реттер, ал солтүстігінде бойи тайпалары мекен етті, ең басты тұрағы Чехия болып келетін. Сәтті қорғаныс үшін - Галия, варварлардан қорғаныс үшін Август өз қолбасшыларына Друзу мен Тиберияға осы жерлерді басып алуды міндеттеді, және оларды провинцияға айналдырды: Реция және Аугсбург атты басты қаласымен, және де Норик. Бұл қалалардың шекарасы Инн өзеннің ағысы болды. Бірақ, уақыт өте бере, III жүз жылдыққа дейін бұл екі провинцияға германдық тайпалардан қауіп төне бастады. V жүз жылдықта бұл жерлерде герулар, ругтар және скирлар тайпалары мекен етті. Бассыздық орнау алып, оны мемлекеттің алдымен остготтардың, ал одан соң 530-540 жылдары, Австразияның франктық корольдердің қол астында болуына әкеп соқты. Бірақ, ертерек, VI жүз жылдықтың басында жаңа келімсектер пайда болды, оның арасында көзге түсерліктері Богемиядан қоныс ауыстырған маркомандар мен квад тайпалары. VI жүз жылдықтың ортасынан бастап, алда Агилольфинг тегінен шыққан герцогтер болды.
Герцог билеген жері Лех пен Энс өзен арасындағы аймақтар, Фихтель мен Триденттік Альп таулары. Аты тарихта қалған, бірінші герцог - "Гарибальд I", оның Регенсбургте өз резиденциясы болатын. Лангобардтармен бірігіп, франктердің үстемдігіне қарсы тұрды, бірақ жеңіліске ұшырап, бейбітшілік сұрауға мәжбүр болды. Герцогтың туысқаны "Тассилон I" мұра етті, славяндарға және олардың одастақтары аварларға қарсы бірінші болып қарулық күштер қолданды. Оның ұлының заманында, "Гарибальде II", баварлықтар франктық Дагоберт королінен алғаш жазылған заңдар жинағын алды. Корольдің шақыртуымен Баварияға киелі Евстахий мен Агил христиан діңің үгіттеді. Ақырғы христиан діңінің "Теодоне" заманында франктық Руперт, Эмеран және Корбиниан миссионерлерімен енгізілді.
Герцог Одилон (737-748 жылдары), Карл Мартелланың күйеу баласы, формальдық түрде корольдық титулын қабылдады, бірақ оның франктық корольдердің билігіне қарсы тұру талпынысы жеңіліске ұшырады, сөйтіп Карломан мен Пипин оны корольдік тақтан түсірді. Оның заманында Бонифаций архиепископы бавардық шіркеуді 4 епископстваға бөлді: Зальцбург, Пассау, Регенсбург және Фрайзинг, сонымен қатар бірнеше монастырлер пайда болды.
"Тассилон III" (748-788 жылдары) Пипин Короткиге мемлекеттік сеймде дәлділігіне ант беруге мәжбүр болып, оның иеліктерің өзіне мұра етіп алды. Соңында, берген антың бұзып, өз қайын атанасымен, лангобартық король Дезидерия және аквитанттық Герцогпен қосылып, франктарға қарсы шықты. Дезидеридің жеңілісінен кейін Ұлы Карл оның одақтасына қарсы шығып, оны қайта ант бергізіп, тұтқындағыларды босатуын талап етті. Бірақ, Тассилон оған көңбей аварлармен араласа бастады, сол үшін Ингельгеймдегі мемлекеттік сеймге 788 жылы қайта шақыртылып, берген антың ұстамағаны үшін өлім жазасына тартылды. Ал бүкіл отбасысы шіркеуге атандырылып, тұқымы жойылды. Дегенмен, Бавария герцогтың меншілігінде қала берді, сонымен қатар өзінің көне заңдарын сақтап қалды. Бірақ, бірнеше округтерге бөлініп, графтардың қол астында қала берді. Сөйтіп, Бавария Франктық мемелекеттің провинциясына айналды, солармен тең саяси ұйымына ие болды.
thumb|350px|X ғасырдағы Бавария
Ұлы Карлдың бұйрығы бойынша, мемлекеттің бөлінуі кезінде, Бавария Италиямен бірге Пипин Корольның ұлына берілді, әкесінің заманында қайтыс болған. Қайырымды Людовик, Ұлы Карлдың мұрагері, басында басқару билігін өзінің үлкен ұлы Лотарге берді, бірақ 817 жылғы тең бөлінуі кезінде Людовик II қол астына өтті. Ол өзін rex Bojoariorum деп атап, Регенсбургты өз резиденциясы реттінде таңдады. Людовик славян халықтарымен үзіліссіз соғысты. Сол уақытта Епсикокоптердің билігі қатая бастады, сонымен қатар пфальцграфтердің де билігі қуаттана бастады. Людовиктің өлімінен кейін (876 жылы), оның ұлы Карломан Баварияның Король атағына ие болды, ол кезде Баварияға Каринтия, Крайна, Истрия, Фриуль, Паннония, Богемия және Моравия тәуелді болатын.
thumb|450px|left|919—1125 жылдардағы Германия
Карломаннге (879 жылы) оның кіші бауыры Людовик III мұра етті, ал оның өлімінен кейін (881 жылы) екінші бауыры Карл Толстый III, ол Франция коронасын алған болатын, сөйтіп, өз қол астында бүкіл Карл Б меншілігің біріктірді. Одан кейін (887 жылы) билік Карломанный ұлы Арнульфуға өтті, одан кейін (899 жылы) оның баласы Людовик Дитятиге өтті, сол басқарған уақытта Бавария венгрлердің шабқыншылығынан көп азап шекті. Людовик Дитятимен (911 жылы) Каролингтердің тұқымы тоқтап, баварлықтар өз Герцогі ретінде макрграфтың ұлы Луитпольды, Арнульфты таңдады, ал ол Конрод императорамен жау болғанымен танымал. Оның өлімінен кейін, оның баласы Ұлы Оттон I Баварияны Арнульфаның ұлы Эбергардан тартып алып, оны өзінің ағасы Бертольке өткізді, ал одан кейін өз бауыры Генрих I табыс етті, одан соң өз ағайындыларың Эбергард пен Арнульфаны Баварияның пфальцграф реттінде тағаяындады. Бұл Бавария ішіндегі жаңжалдарға әкеп соқтты. Арнульф туындаған жағдайларды, герцог пен император Генрих қарсы көтеріліс уақытың қолданып, өз меншігінде болған жерлерді қайта басып алуға тырысты, сол себептен венгерлерді көмекке шақырды, олар баварияға атап кірді, бірақ Лехфельде Оттон әскерінен жеңіліс тапты. Генрих I өз ұлына Генрих II мұра етті, сол уақыттын зиялы княздардың бірі болатын және Оттон II бітіспес жауы болатын, ол одан Баварияны тартып алып, ол жерді Шваб Оттонына берді. Оттон II өлімінен кейін, Генрих Бавария герцогтігін қайта қолына алды, одан кейін (995 жылы) оның ұлы Генрих IV өтті. Ол кейін германдық император болып тағайындалды. Оның өлімінен кейін Баварияда 200 жылдық өте қиын уақыт өтті, XI—XIII ғасырларда Батыс Еуропа рыцарьларының шығысқа жорықтарынан көп зардап шекті, герцогтардың жиі ауысуыда жаман әсер етті. Соңында, Генрих VII қуғынынан кейін Бавария (1180 жылы) Оттон Виттельсбахскийің қолына өтті.
thumb|200px|left|Генриха Левтің меншігі
Оттон І Герцогі
Оттон І герцогі (1183 жылы) және оның мирасқоры Людвиг I өздерінің меншіктерің кеңейтті, ал соңғысы Фридрих II императорынан Рейндік Пфальцты мұраға алды. 1231 жылы Людвиг Кельгеймскийден салынған пышақтан қайтыс болды. Бавария оған Ландсхут қаласының қалануына міндетті.
thumb|450px|1378 жылдағы Бавария және оның көршілері
Оның ұлы Ғизатты Оттон басқаруы (1231-1253 жылдары) епископотердің билігі мен ішкі жаңжалдарға әкеп соқты. Императордың жолың ұстаушылық үшін шіркеуден қуғындалды. Оның балалары Людвиг II мен Генрих XIII екі жыл бірге өткізді, бірақ 1255 жылы мемлекетті өзара бөліп алды, Людвиг Үстіңгі Бавария мен Мюнхен, Рейндік Пфальцты алды, ал Генрих Төменгі Бавария мен Ландгуст қалаларына ие болды. Сонымен қатар, екі ағайындыларға Конрадин Гогенштауфенсктің мұрасы қалды. Людвиг II бірінші баласы Людвиг "Баварлық Людовик IV" императоры болып тағайындалды. 1329 жылы ол өз ағасының балалырмен Пвии келісіміне отырды. Бұл келісімі бойынша соңғыларға Рейндік Пфальц пен Үстіңгі Пфальц тиесіл. Солай, екі басты линия пайда болды: Виттельсбахтың үйі: Пфальдық және Баварлық. Людовик императорының төменгі баварлық линиясының тоқталғанынан кейін, Төменгі Бавария Үстіңгіге қосылды. Ол Бавария үшін көптеген жағымды ішкі басқару жүргізді, Мюнхенге қалалық құқық берді, сонымен қатар, Үстіңгі және Төменгі Бавария үшін жаңа заңдар енгізді. Озінің артында 6 ұл және бай мұра қалдырды, оған тек Бавария емес, тағыда Бранденбург, голландық және зееландық провинциялар, Тироль кіреді. Бірақ, бүкіл сыртқы меншіктер жоғалтылды, соның кесірінен қалған линиялар арасында ұрыс-керіс басталды. Ол соңында Альбрехт IV кезінде 1505 жылы көне баварлық жерлердің бірігуіне алып келді.
XIV ғасырда Баварияда қоғамдық мемлекеттің құрылуы басталды, өз княздерінің қиыншылықтарың қолданып, дворяндылықтар мен қалалар олардан әр түрлі жеңілдіктер мен құқықтар тартып ала бастады. Қауымдағылар өздері қалаған кезде жинала берді, сейм түрінде де болсын немесе әр түрлі ішкі қауым ретінде де. Жалпы мемлекеттік заңдар алдын-ала герцогтің кеңесшілерімен бірге сеймдегі қауымдарда талқыланды. Ал одан кейін толық бекітуге сеймге жіберілді.Бекітілген салық та қауымда орнатылатын, жәнеде олар герцогтық шенеуніктер арқылы емес, өз адамдары арқылы жаратып отырды. Альбрехт IV билік уақытында Баварияның сословиелік конститутциясына ауыр дағдарысты басынан өткізуге мәжбүр болды. Альбрехт бүкіл қиыншылықты басынан өткізіп, 1506 жылы Төменгі және Үстінгі Баврияның қауымдарың бір ортақ қауымға айналдырды. Осыған орай, Альбрехтің үш баласы: Вильгельм IV, Людвиг және Эрнст арасынан тек Вильгельм билік жүргізуі керек болды, бірақ оның өлімінен кейін (1508 жылы) қайтадан ұрыстар басталып, билікті Вильгельм мен Людвиг бірге жүргізді.
thumb|450px|1648 жылғы Германдық мемлекет