Мильтенберг () — Германия ауданы. Аудан орталығы — Мильтенберг қаласы. Аудан Бавария жерінде орналасқан. Төменгі Франкония әкімшілік округіне бағынады. Жер аумағы 715,68 км² шамасында. Тұрғыны 131 000 адамды құрайды. Халық тығыздығы 184 адам/км². Ауданның ресми коды — 09 6 76.

Аудан 32 елді мекенге бөлінеді.

Тарихы

Ортағасыр кезеңінде католиктік Майнц епискобы және Ринек графы арасында осы аймақты басқару және осы ауданнан түсетін кіріс үшін ұзақ ұрыс жалғасып жатқан. Екі жақ та осы ауданды бір уақытта басқарғысы келді, сол үшін Шпессарт тауында айбарлы қамалдарын орнатты. Соңыра осы ұрысқа басқа да кішірек графтық әулеттер кіріді.

XIII ғасырда Майн өзені жағасында қалалар тұрғызылды. Майнц өзені бойындағы сауданың жақсы өтуіне байланысты осы ауданның экономикалық жағдайы жақсарды. Аймақтың экономикалық жағдайы Отыз жылдық соғықа дейін қарқынды өсіп келе жатқан еді, ал соғыс барысында бұл аймақ апатты тұрде тоналды, ал халқы қырылып қашқындарға айналды.

1803 жылы Германия клерктік басқарма таратылды, соның ішінде Майнц епископтық княздік. 1816 жылға дейін бүкіл аймақ Бавариямен аннексияланды.

Мильтенберг ауданы екі бөлек Мильтенберг және Обернбург аудандардың қосылуы арқасында 1972 жылы пайда болды.

Қалалар мен қауымдар

Қалалар Аморбах (4 147) Эрленбах (Майн) (10 179) Клингенберг (Майн) (6 317) Мильтенберг (9 626) Обернбург (Майн) (8 832) Штадтпроцельтен (1 721) Вёрт (Майн) (4 940) Жәрменкелер Бюргштадт (4 338) Эльзенфельд (8 870) Эшау (4 087) Гросхойбах (5 125) Кирхцелль (2 378) Клайнхойбах (3 471) Клайнвалльштадт (5 838) Мёнхберг (2 540) Шнеберг (1 897) Зульцбах (Майн) (7 019) Вайльбах (2 334)

Қауымдар Альтенбух (1 306) Колленберг (2 621) Дорфпроцельтен (1 933) Айхенбюль (2 715) Фаульбах (2 769) Гросвалльштадт (4 063) Хаузен (2 007) Лауденбах (1 392) Лайдерсбах (4 987) Мёмлинген (5 072) Нойнкирхен (1 549) Нидернберг (4 836) Рёльбах (1 706) Рюденау (862)

Қауым бірлестіктері Эрфталь басқармасы Клайнхойбах басқармасы Клайнвалльштадт басқармасы Мёнхберг басқармасы Штадтпроцельтен басқармасы Қауым басқармасынан еркін

Сыртқы сілтемелер www.landkreis-miltenberg.de Ресми сайты

Санат:Бавария аудандары