Экзистенциялық психология — гуманистік психология бағыттарының бірі.
Экзистенциялық психологияның зерттейтіні: 1) уақыт, өмір мен өлім проблемалары; 2) бостандық, жауапкершілік пен таңдау проблемалары; 3) қарым-қатынас, махаббат пен жалғыздық проблемалары; 4) тіршіліктің мәнін іздеу проблемалары. Экзистенциялық психология нақты бір адамның жалпы өлшемдермен шектелмейтін жекелей өмірлік тәжірибесінің бірегейлігіне баса назар аударады. Экзистенциялық психологияның мақсаттарының бірі — жеке адамның дүниедегі болмысының өзінің ішкі жаратылысына сәйкестігін қалпына келтіру проблемасының шешімін табу. Қазіргі заманғы экзистенциялық психологияның практикасында психоанализдің көптеген жетістіктері пайдаланылады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Дереккөздер
Санат:Жантану