Жағалбайлы – Тарбағатай жотасының солтүстігінде, Бұғаз және Базар өзендерінің аралығындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Ұзындығы 20 – 25 км, ені 10 км. Биіктігі 900 – 1000 м аралығында.
Жер бедері Беткейлері жайпақ, оңтүстік-шығыс бөлігі биік жартасты, тас жыныстары шығып жатады.
Өсімдігі Қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, қара сұлы, басқа да шөптесін өсімдіктер өседі. Жағалбайлының бөктеріндегі Сарыбұлақ, Ақтүбек қыстаулары мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары