Жақсы Сарытау – Қызылтау тауларының солтүстік-батыс сілемі. Еспе өзенінің сол аңғарында орналасқан.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл тауларының оңтүстігінде 60 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 757 м, ені 4 км.

Жер бедері мен геологиясы Оңтүстік-шығысы биік жарқабақты. Девон, ортаңғы және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Күңгірт сұр топырағында австрия жусаны, салқын жусан, бетеге, сұлыбас өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы таулары