Жамантұз — Ертіс өзені алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданында орналасқан. Майтүбек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, теңіз деңгейінен 142 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 19,8 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,1 км. Жағалау бойының ұзындығы 20 км. Су деңгейінің жыл бойғы ауытқу мөлшері 0,2 м. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Көл маңайында Үлкен Тоғызбай, Қайнама қыстаулары орналасқан. Суы ащы, сілтілігі орташа, мал жайылымына пайдаланылады.
Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы