Құлақты жапалақ () – түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын Нағыз жапалақтар тұқымдасының Құлақты жапалақтар туысына жататын отырықшы құс.

Қызылорда облысының тоғайлы, ну шеңгелді, жиделі, сексеуілді аудандарында кездеседі.

Қанатының ұзындығы 276 – 309 мм (аталығында) және 282 – 320 мм (аналығында) болып келеді. Түсі сарғыш қоңыр, арқасында ақ жолақтармен алмасып отыратын сұр көлденең белдеулері бар. Қауырсыны үлпілдек, жұмсақ. Аяқ немесе балақ қауырсындары ұзын, құйрығының түсі қоңыр-қошқыл. Жапалақтың ерекше көзге түсетін белгісі ұзындығы 3 – 7 см болатын құлақ сияқты қауырсындары. Көзінің қарашығы сары немесе қызғылт сары, ал тұмсығы мен тырнақтары істік, өткір, иілген түстері қара болып келеді. Ұяларын қалың, биік сексеуіл мен жиде арасында салады. Онда 2 – 3 балапанын 4 аптада басып шығарады. Жапалақты үлпілдек қауырсындары үшін аулайды. Ол кемірушілер санын азайтып, табиғатқа пайда келтіреді.Қазақ ұлттық энциклопедиясы Дереккөздер

нобай|солға|

Санат:Жапалақтәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар