Жарлыкөл – Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Целиноград ауданының оңтүстігінде, Жаңғызқұдық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7,5 км жерде.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 354 м биіктікте орналасқан. Аумағы 12,4 км2, ұзындығы 7,8 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 19,6 км. Су жиналатын алабы 186 км2. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары жарқабақты, батысы мен шығысы жайпақ. Көл түбіне лай тұнған. Жағалауында қамыс, құрақ өседі. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы тұщы және жұмсақ, мал суаруға пайдаланады. Көлге жыл құстары ұя салады.
Санат:Целиноград ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы