Жетібай – Үржар алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы шамамен 65 км.

Бастауы Бастауын Тарбағатай жотасының орта тұсындағы Үшбұлақ асуының беткейінен алып, Үржар өзенінің саласы – Қарағайлы өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Аңғары жоғарғы бөлігінде тау шатқалымен ағады, қалған бөлігі сайлы-жыралы келген жазық өңірмен өтеді. Суы жыл бойы болады. Төменгі бөлігінде бірнеше тоғандар, каналдар салынған. Алабы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы