Жиде – Қалмаққырылған өзені алабындағы өзен. Ұзындығы 48 км.

Бастауы Ұлытау облысы Ұлытаудың оңтүстік беткейіндегі ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан құралып, Қалмаққырылған өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жағасы биік, аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жалпы ұзындығы 65 км болатын 26 саласы бар. Ірілері: Жарқұдық, Шыныбай Жиде. Орта ағысында шаруашылық қажеттілігіне сай бөген салынған. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы