Жирен сарбасқурай () – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Іле және Күнгей Алатауларының ылғалды беткейлерінде, өзен жағалауларында, шалғындарда кездеседі. Биіктігі 30 – 60 см, сабағы тік өседі. Жапырақтары ұзынша немесе қандауыр тәрізді, жиегі тілімденген; төменгілері сағақты, жоғарғылары отырмалы. Гүлдері қызғылт сары немесе қызыл түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – төртқырлы бұршаққын. Сәндік өсімдік, мәдени түрде өсіруге болады. Жирен сарбасқурай өте сирек кездесетін реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар