Жосалы – Айыр тауларының батысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан тау. Қарасор көлінен оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. Абсолюттік биіктігі 871 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 9 км.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Кембрий, тас көмір кезеңінің гранитті жыныстарынан түзілген. Беткейі сай-жыралармен қатты тілімденген. Бірнеше бұлақтар орналасқан. Ащысу өзенінің салалары бастау алады. Солтүстік-батысында «Жосалы» санаторийі орналасқан.

Өсімдігі Сұр қоңыр топырағында қараған, боз, селеу, аңғарында итмұрын, долана, қайың өседі. Мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары