Жұмай – Теңіз-Қорғалжын ойысында орналасқан көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Саумалкөл көлінің шығысында, теңіз деңгейінен 322 м биіктікте жатыр.

Гдрографикасы Аумағы 4,2 км2, ұзындығы 6,5 км, ені 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 15,8 км. Ең терең жері 0,8 м. Су массасының көлемі 1,8 млн. м3, жалпы су жиналатын алабы 124 км2. Жағалауы тегіс, батыс жағасында өзімен аттас ауыл орналасқан. Суы тұзды. Қарашада суы қатып, сәуірде ери бастайды. Мал шаруашылығына пайдаланылады.

Санат:Қорғалжын ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы