Жыланды – Сор көлінің оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Керегетас қонысының оңтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 584 км. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейлері жайпақтау, оқшауланған тау массиві.
Геологиялық орны Жоғарғы кембрий кезеңінің шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Бозғылт топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге, бұталы өсімдіктер өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары