Қыркүйектің 4 — Григориан күнтізбесінде жылдың 247-ші күні (кібісе жылдарда 248-ші). Жылдың аяғына 118 күн қалады.

Мейрамдар , Иммигрант күні , Құтқарушы күні.

Оқиғалар 1791 — Людовик XVI Францияның бірінші конституциясына қол қойды. 1888 — Джордж Истмен «Kodak» сауда маркасын тіркеді 1939 — Жапония Еуропа соғысына араласпау туралы мәлiмдедi 1944 — Финляндия КСРО–ға қарсы әскери әрекеттерді тоқтатты 1998 — «Google» серіктестігі негізделді.

Туғандар 1596 — Константин Гюйгенс, нидерландық ақын, ғалым және композитор (1687). 1768 — Франсуа Рене де Шатобриан (1848), француз жазушысы және саясаткер. 1887 — Карлис Улманис (1942), латвиялық мемлекеттік қайраткер, Латвия президенті (1936-1940 жж.). 1892 — Дариюс Мийо (1974), француз композиторы. 1981 — Бейонсе, америкалық әнші.

Қайтыс болғандар 1750 — Хосе Каньисарес (1676), испандық драматург. 1784 — Цезарь Франсуа Кассини (1714), француз астрономы және геодезист. 1831 — Юзеф Пешка, поляк суретшісі. 1846 — Виктор-Жозеф Этьен де Жуи (1764), француз жазушысы және драматург 1965 — Альберт Швейцер, неміс дәрігері, 1952 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Сыртқы сілтемелер

Санат:4 қыркүйек