Итмұрын – Шу өзені мен Мойынқұм құмының аралығындағы төбе.
Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 276 м. Итмұрын төбесі солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 2 км, енді жері 1 км. Маңында көптеген тұзды көлдер, солтүстігінде Жиделі қонысы, оңтүстігінде Қарақаңлы бұлағы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Аллювийлі жазықтағы шөгінділер төменгі төрттік кезеңінің жыныстарынан түзілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сарысу ауданы таулары Санат:Төбелер