Кальций сульфаты — күкірт қышқылының кальций тұзы. Табиғатта дигидрат CaSO4•2H2O (гипс) түрінде және сусыз ангидрит күйінде кездеседі.
Физикалық қасиеттері left|thumb|Ерігіштігінің температурадан тәуелділігі Сусыз кальций сульфаты — түссіз суда нашар еритін кристалды зат. Гипсті 100°С-қа дейін қыздырғанда, жартылай гидратқа немесе алебастрға CaSO4•½H2O айналады. Оны суға илесе қатып, қайта гипске айналады.
Қолданылуы Кальций сульфаты құрылыста және медицинада қолданылады. 1300°С температурада күйдірілген гипс, ангидрит цементтеуші ерітінділер жасауда пайдаланыладыҚазақстан Энциклопедиясы. 1970 жж. дейін Уайтхэвенде (Камбрия, Ұлыбритания) күкірт қышқылы ангидриттен өндірілді:
Дереккөздер
Санат:Кальций қосылыстары Санат:Сульфаттар Санат:Тағам қоспалары