Келіншек – Сырдария өзені аңғарындағы тау.

Географиялық орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласының солтүстігінде 30 км жердегі тау.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 132 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Төбе сопақ пішінді, беткейлері көлбеулеу, етегі тегіс тақырлы.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы төрттік кезеңнің жаңа түзілімдерінен құралған.

Өсімдігі Топырағында жусан, жүзгін, теріскен, т.б. шөлдің сораң өсімдіктері өседі. Баурайы жыл бойғы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қармақшы ауданы таулары