Керегетассай – Сарысу өзені алабындағы өзен. Қумола өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 451 км².

Бастауы Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс беткейіндегі Шиеліқұдық, Аққұдық бұлақтарынан бастау алады.

Гидрологиясы Жағасы жайпақ, өзеннің бастауы бұта өскіндері арасымен өтеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгейге түседі, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сарысу су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері