Көкдомбақ – Арқарлы тауларының батысындағы төбе.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 575 м. Солтүстік-шығыстан оңүстік-батысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Жайпақ келген беткейлері далаға ұласады.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың құмдақты тақтатасынан және әктасынан түзілген.
Өсімдігі Сортаң түсті қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, қараған, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Төбелер