Көкмаңдай () – тырнатәрізділер отряды, сутартарлар тұқымдасына жататын құс.
Африка, Оңтүстік Азия, Аустралия, Полинезия, Малайзия топаралының тропиктік және субтропиктік аймақтарында мекендейді. Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында 4 – 5 жұбы ғана анықталған. Тұрқы 45 см-дей, қанатын жайғанда ұзындығы 83 см, қанатының ұзындығы 24, құйрығының ұзындығы 10 см. Қауырсыны көк күлгін түсті. Маңдайында үлкен қалқаны бар, тұмсығы және аяқтары қызыл. Моногамды құс. Ұяларын қамыс, құрақ өскен жерлерге немесе судағы төмпешіктерге салады. 6 – 9 жұмыртқа салып, 22 – 25 күндей шайқайды. Негізінен өсімдіктердің тұқымымен, бұтағымен және тамырларымен, сондай-ақ ұсақ жәндіктермен, бақалармен, кейде тышқандармен қоректенеді.
Көкмаңдайдың жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сутартарлар Санат:Қауіптен тыс түрлер Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Аустралия құстары Санат:Жаңа Зеландия құстары Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар