Көкпекті – Жаркөл көлінің солтүстік-батысындағы тұзды тұйық көл. Тобыл өзені алабында.

Географиялық орны Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылының оңтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 188,7 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 4,5 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 21 км. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толығып, жазда тартылып батпаққа айналады.

Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Жағасында қамыс, құрақ, т.б. өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қостанай ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы