Көксеңгір – Қызылқұм құмының солтүстігіндегі төбе.

Географиялық орны Қызылорда облысы Сырдария ауданы Айдарлы ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 171 м. Батыстан шығысқа қарай 4,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, пішіні күрделі. Құмды жалдардың орта бөлігіндегі төбенің солтүстігінде Іңкәрдария құрғақ арнасы мен Тектұрмас төбесі, шығысында өзімен аттас артезиан құдығы, оңтүстігінде Масақұдық, батысында Шалғынбай, т.б. көптеген артезиан құдықтары орналасқан.

Геологиялық құрылымы Төбе төрттік кезеңінің жаңа түзілімдерінен тұрады.

Өсімдігі Құмды сұр топырағында шөл өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) таулары Санат:Төбелер