Крутая – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 90 км2.

Бастауы Бастауын Жалпы Сырттың оңтүстігіндегі Кожевников ауылы маңындағы көлден алып, Орал қаласына 50 км жетпей Шаған өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары тар, арнасы тік жарлы, көктемде ғана тасиды. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,98 м3/с. Егін, мал суарылады. Аңғары – жайылым.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Бәйтерек ауданы өзендері