Кішкене Күйкентай – Үлкен Күйкентай тауының оңтүстік-шығысында 30 км жердегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 683 м.

Жер бедері Беткейлері көлбеулеу келген. Олар біртіндеп далаға ұласып кетеді. Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 6 км-ге жуық, енді жері 4 км. Нашар тілімденген. Шығысында 7 км жерден Бақанас өзені ағып өтеді.

Өсімдігі Көлбеу беткейлерінің қоңыр топырағында бұта шоғырлары аралас бетеге, селеу, қараған, еркек шөп, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары