Қайрақты қорғасын кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданында Ақадыр темір жол станциясының солтүстік-шығысында орналасқан (40 км). 1944–1954 жылдары толық барлау жүргізілді. Кен орны шығыс және батыс синклинальдарынан құралған. 1944 жылдан барит-полиметалл кендері өндіріледі.
Геологиялық орны, сипаты Кен фаменнің (девон) әктастарында, тас көмірдің саз-карбонат жыныстарында орналасқан. Линза тәрізді кентас денелері құмтас қат-қабаты мен саз-карбонат қабаттары аралығында жатыр. Кен денелерінің ұзындығы 100 – 350 м, құлау бағытының ұзындығы 160 – 300 м, қалыңдығы 12 – 40 м, кей жерінде 5 – 12 м. Кентастар, негізінен, барит, галенит, сфалерит, халькопирит, пирит минералдарынан құралады; олардың ішінде қорғасын, мырыш, мыс, барит негізгі құраушылар болса, ал күміс қосалқы құраушы болып саналады. Кен орнының негізгі қорлары қазылып алынған.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары