Қарабұдыр – Нарын құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының оңтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен ең биік жері 11 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Тізбекті төбешіктердің бойында бірнеше қыстаулар орналасқан. Солтүстік-батысында Қызыл, Мешітқұм, Қарағали құмдары, оңтүстік-батысында Тұздықақ соры жатыр.
Геологиялық құрылымы Неоген мен ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды сұр, ашық қоңыр топырақ жамылғысында қияқ, құмаршық, жүзгін, еркек шөп, жусан, етектерінде бұталар өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы құмдары