Қарағали – Мешітқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы ауылының оңтүстік-шығысында 31 км жерде орналасқан.
Геологиялық құрылымы Ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңі мен неоген жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 11 м биіктікте жатыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 5 – 6 км шамасында. Қырқалы құм төбелер бойында Сырға, т.б. қыстаулар бар. Құмның ойысты-сайлы жерлері мен етектерінде тұщы грунт судың тереңдігі 2 м.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында еркек шөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, ойыстау жерлерінде жыңғыл, қандыағаш, т.б. бұталар өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы құмдары