Қаракешу – Бозащы түбегінің оңтүстік-шығысындағы сор.
Маңғыстау ауданы жерінде. Қаракешу Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде 1941 жылы пайда болған шығанақтың орны. Каспий теңізі деңгейінен 3 м төмен. Қайдақ сорының батыс бөлігінен (Қошақ мүйісіне қарай) солтүстік-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр, ені 20 км шамасында. Ауданы 900 км²-дей. Сор табанына шөккен құмды-саздақтың үстін тұз қабыршақ жауып жатады. Орта тұсында сазды-батпақты бірнеше аралдар бар. Ең ірісі – Ақшығанақ аралы. Жайпақ жағасында сораң өсімдіктер өседі. Сордың солтүстік-шығысында өзімен аттас тұзды көл жатыр. Оның ұзындығы 16 км, ені 6 км. Бұл жерден ас тұзы өндіріледі.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002 «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы географиясы Санат:Сорлар