Айыртау – Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Имантау және Шалқар көлдері аралығында орналасқан тау. Ұзындығы 25 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Айыртау көл қазаншұңқырлары, өзен аңғарлары мен сайлар бөліп жатқан бірнеше шоқылар мен төбелерден тұрады. Ең биік жері 555 м. Силур граниттерінен түзілген, бетін плиоцен шөгінділері жауып жатыр.

Өсімдігі Сұр топырағында қарағай, қайың, қараған, тобылғы және түрлі шөптер өседі. Тау ішінде суы тұщы шағын көлдер бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы таулары