‎

Ақбұйрат – Қоңыртемірші және Көкшетау таулары аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 903 м. Ақбұйрат тауындағы бұлақ суы (көзі) батысындағы Сарыөзек өзеніне құяды.

Өсімдігі Тау баурайының сортаң топырағында қызылқұрт, көкшұнақ бетеге, селеу өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары