Ақжал — Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент.
Географиялық орны Аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 116 км-дей жерде, белесті өңірде орналасқан. Ең жақын теміржол станциясы - Ақадыр (120 км).
Қалыптасу тарихы Іргесі алғаш полиметалл кенін өндіретін кен орны ретінде қаланған, 1964 жылы кентке айналған. Ақжалда қорғасын, мырыш өндіріліп, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына (Kazzinc) балқытуға жіберіледі. Кент аумағында өткен ғасырдың 30-жылдарында «Қызыл өркен», «Ұйымшыл», «Жақсылық» ұжымшарлары ұйымдастырылған. 60-жылдардың басында 3 ұжымшарды біріктіру негізінде «Қарабұлақ» кеңшары құрылды. 1997 жылдан бастап Қарабұлақ ауылдық округі таратылып Ақжал кенттік әкімдігі аумағына кіргізілді. Жерінің жалпы ауданы — 303,0 мың га. Кеңшардың негізінде 42 шаруа қожалығы құрылған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен33743397 3405 100,2 1674 1676 100,1 1723 1729 100,3
Инфрақұрылымы Кенттің әкімшілік-аумақтық бағынысындағы елді мекендерінде (Ақжал кенті, Қарабұлақ ауылы) 2 мектеп, учаскелік аурухана, ФАП, мәдениет үйі, кітапхана, комплексті спорт кешені, басқа да мәдени-тұрмыстық орындар бар. Кент тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
Экономикасы Кент аумағында «Жаңа-Мырыш» ЖШС-і жұмыс атқарады. Негізгі бағыты — қорғасын, мырыш өндірісі. Пайдалы кен қазбалар орындары: Ақжал, Қызылеспе, Ақсораң. Кентте Ақжал кен байыту фабрикасы жұмыс істейді.
Атақты адамдары Қазақстандағы белгілі күресші Мейіржан Шынкеев туған.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері