Ақкөл — Жамбыл облысы, Талас ауданындағы ауыл, Ақкөл ауылдық округінің орталығы (1997 жылдан).
Географиялық орны Аудан орталығы - Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Аса өзенінің Ақкөл көлінен шыққан тұсында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1934 жылы егіндік жерді суғару үшін канал салуға байланысты қаланған. Ақкөл 1934-1997 жылдары алғаш ұжымшар, кейін кеңшар және Талас ауданының орталығы болған. Ақкөлде бұрынғы кеңшардың негізінде акционерлік қоғам, кооперативтік шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, тері қабылдау пункті бар.
Тұлғалары: Әбілхайыр Сатыбалдин, Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин, Көлбаев Есбөкен, Әбдиев Қанжан, компазитор Әуезхан Салабеков, Көсембекова Райхан, Тамабек Қартабаев, ақын Нарша Қашағанов, боксшы Жаңқош Тұраров секілді Қазақстанға танымал тұлғалар дүниеге келген.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен31032327 2073 89,1 1212 1088 89,8 1115 985 88,3
Инфрақұрылымы Аурухана, емхана, мал емдеу пункті, мәдениет үйі, 2 орта мектеп т.б. мекемелер бар. Ақкөл арқылы Тараз – Саудакент автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол станциясы — Қаратау (36 км жерде).
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы елді мекендері