Ақкірме – Балқаш көлінің батысындағы шығанақ.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде.
Сипаты Ұзындығы 5 км, енді жері 2 км-ге жуық. Құрлыққа сүйірлене еніп жатқан Ақкірменің жағалауы құмды, жайпақ келген. Оңтүстігінде өзімен аттас сор жатыр.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы географиясы Санат:Балқаш көлі шығанақтары