Ақтасты – Сарысу өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жеріндегі өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1060 км².

Бастауы Айғыржал тауының шығысынан басталып, Жаңаарқа кентінен 35 км төменде Сарысу өзеніне құяды.

Гидрологиясы Орташа жылдық су ағымы 0,11 м³/с. Жазда кеуіп қалады. Көктемде жайылымдарды суландыруда маңызы зор.Қазақ энциклопедиясы 7 том, ҚР табиғаты

Дереккөздер

Санат:Сарысу су алабы Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері