Ақторғай () – торғайтәрізділер отряды, сарыторғайлар тұқымдасына жататын құс. Негізінен Солтүстік жарты шарда тараған. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 – 19 см, салмағы 35 – 40 г. Қауырсындары ақ, қара түсті, күзде және қыста жаңа түлеген қауырсындарының жиегі жирен түспен көмкерілген. Аналығы қоңыр түсті. Ұясын маусым – шілденің басында жердегі тастардың арасына салады, онда 4 – 7 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы 12 – 13 күндей шайқайды. Өсімдіктің жапырағымен, тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер