Ақыш, Ақұш – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы көл. Дубровный ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 121,5 м биіктікте, аумағы 25,81 км2, ұзындығы 3,6 км, ең жалпақ жері 3,8 км, жағалау бойының ұзындығы 20,9 км. Су айдынының 1/3-і Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Су жиналатын алабындағы егістік 70%-ды құрайды. Тереңдігі 3-4 м-ге жетеді.
Өсімдігі, жануарлары Жағалау бойы жолағы құмды-сазды ені 5-10 м, біртіндеп шабындыққа, далалық немесе сор шөп басқан телімдерге ұласады. Суында дафния, гаммарус, т.б. моллюскалар тіршілік етеді.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
Дереккөздер
Санат:Қызылжар ауданы көлдері Санат:Түмен облысы көлдері